Оңтүстік Африкада сел апатынан 443 адам мерт болды

Зикалала сел апатынан 13 мың 556 отбасының зардап шеккенін және 4 мың ғимараттың құлағанын айтты.

1813618
Оңтүстік Африкада сел апатынан 443 адам мерт болды

Оңтүстік Африканың шығысындағы  Квазулу-Натал уәлаятында сел апаты болды.

Оңтүстік Африканың шығысындағы  Квазулу-Натал уәлаятында қатты нөсер жауын салдарынан сел апаты болды. Сел апатында мерт болған адам саны 443-ке жетті.  

Квазулу-Натал уәлаяты әкімі Сихле Зикалала аймақта сел апатында осы таңға дейін 443 адамның көз жұмғанын айтты. 

Зикалала іздеу-құтқару тобының селде жоғалып кеткен  63 адамды ізддеп жатқанын білдірді. 

Сел апатынан 13 мың 556 отбасының зардап шеккенін және 4 мыңға тарта ғимараттың құлағанын түсіндірген Зикалала адамдарды қоныстандыру департаментінің аймаққа жәрдем беретінін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар