Ауғанстанда қызылшадан 130 бала қайтыс болды

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 12 наурызда Ауғанстанда қызылша індетіне қарсы компания бастаған болатын.

1813998
Ауғанстанда қызылшадан 130 бала қайтыс болды

Ауғанстанда жылдың басынан бері қызылша эпидемиясы себепті 130-дан астам бала қайтыс болды.

Америка Құрама Штаттары 2021 жылы тамызда елден шегінгеннен кейін халықаралық жәрдемнің тоқтауы, экономикалық дағдарыстың артуы сияқты елде соғыс, аштық және кедейлік көптеген балаға әсерін тигізуде.

Талибан уақытша үкіметінің Денсаулық сақтау министрлігі санағына қарағанда ел көлемінде 2022 жыл басынан бері 16 мыңнан астам балаға қызылша індеті жұққаны білдірілді.

Лауазымдылар қызылша эпидемиясы себепті 130-дан астам бала қайтыс болғанын хабарлады.

Жылдам жұғатын және вирустық ауру түрі болған қызылша  балаларға қатты әсер етеді. Ең көп жан шығыны Кабул, Хелманд және Кундуз уәлаяттарында байқалған қызылша індеті Кундуз, Жүзжан, Герат және Гор  уәлаяттарында да көп тіркелді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 13 наурызда Ауғанстанда он мыңдаған адамға қызылша жұққанын, қаңтар айында 150 бала қайтыс боғланын жариялаған болатын. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 12 наурызда Ауғанстанда қызылша індетіне қарсы компания бастаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар