"Ресей Украинаға 8 жылдан бері шабуылдап келеді"

Зеленский видео үндеу жариялады.

1812668
"Ресей Украинаға 8 жылдан бері шабуылдап келеді"

Украина президенті Владимир Путин соңғы сегіз жылда Ресейдің шабуылдарынан 14 мың украин азаматы қаза тапқанын білдірді.

Зеленский видео үндеу жариялап, Ресейдің Украинаға қарсы соғысының 24 ақпан күні басталмағанын, орыс армиясының 2014 жылдан бері Украинаға шабуылдап келе жатқанын айтты.

Ол орыстардың Қырымды басып алып,  ірі әскери базаға айналдырғанын, Қаратеңіз бен Азовты әлемнің ең қауіпті теңіздеріне айналдырғанын атап көрсетті. «Біздің Донбассымызда қорқынышты соғыс бастады. Сегіз жыл бойы азаматтарымызды өлтірді. Осы кезеңде 14 мың адам қаза тапты» деді ол.

Зеленский Украинаға қарсы жасалғандарға әлем үнсіз қалғандықтан Ресей 24 ақпан күні ауқымды соғыс бастауға шешім қабылдағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар