Израиль полициясы әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады

Израиль полициясының Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылында 90 палестиналық жарақат алды.

1812724
Израиль полициясы әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады

Палестина Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Набил Әбу-Рудейне Израиль полициясының таңертең әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылының Палестина халқына соғыс жариялаумен бірдей екенін мәлімдеді.

Әбу Рудейна жазбаша мәлімдемесінде оқиғалардың бақылаудан шықпауы үшін әл-Ақса мешітіне жасалған бұл «жауыз Израиль шабуылын» тоқтату үшін барлық халықаралық тараптардың дереу қозғалу керектігін айтты.

Палестина халқының Израиль күштерінің және қонысшылардың Әл-Акса мешітін шеттетуіне рұқсат бермейтінін және оны қандай жағдайда болса да қорғайтындарын баса айтқан Әбу Рудейна «Әл-Ақса мешітіне жасалған шабуыл және басқыншы күштердің құбыла мешітіне басып кіруі қауіпті жағдай және қасиеттерге құрметсіздік болып табылады. Бұл Палестина халқына соғыс жариялаумен бірдей» деді.

Израиль полициясының басқыншылық астындағы Иерусалимнің шығысындағы Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылында 90 палестиналық жарақат алды.

Израиль полициясы азанғы уақытта әл-Ақса мешітінің ауласында тінту жүргізіп, резеңкемен қапталған оқтар мен дыбыс бомбаларын қолданды.

Оқиға куәгерлерінің мәліметтеріне қарағанда Израиль полициясы Әл-Ақса мешітінде басып кірген соң палестиналықтарды соққыға жықты.

Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамы жасаған мәлімдемеде Израиль күштерінің резеңке қапталған оқтар, дыбыс бомбалары және соққысы салдарынан 90 палестиналықтың жарақат алғаны білдірілді.

Мәлімдемеде зардап шеккендердің аймақтағы ауруханаларға жеткізілгені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар