Ресей «Мәскеу» крейсерінде шыққан өрт туралы мәлімдеме жасады

Ресей Қорғаныс министрлігі «Мәскеу» крейсерінде шыққан өрттің салдарынан оқ-дәрілер жарылып, үлкен шығын келгенін білдірді.

1812186
Ресей «Мәскеу» крейсерінде шыққан өрт туралы мәлімдеме жасады

Ресей «Мәскеу» крейсерінде шыққан өрттің салдарынан оқ-дәрілер жарылып, үлкен шығын болғанын хабарлады.

Украинаның «Нептун» зымыранымен атқылағанын жариялаған Ресей Қаратеңіз флотына тиесілі «Мәскеу» атты әскери кеменің жағдайына байланысты Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Мәскеу крейсері шыққан өртте оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан қатты зақымданды» делінді.

Кемедегі экипаждың эвакуацияланғаны атап көрсетілген мәлімдемеде өрттің шығу себебін анықтау жұмыстарының жалғасқаны білдірілді.

Украина мекемелері «Нептун» зымыранымен Қаратеңізде Ресейге тиесілі «Мәскеу» атты крейсерді атқандарын және кемеде өрт шыққанын жариялаған болатын. Крейсердің экипаж санының 510 екенін болжалды. 

Украинаның БАҚ Ресей-Украина соғысының алғашқы күндерінде Жылан аралында украин әскеріне шабуыл жасаған «Мәскеу» крейсерінің 2014 жылы Қырымды заңсыз аннексиялау кезінде украин кемелерінің жағалаудан шығуына кедергі болғанын хабарлады. 

«Мәскеу» крейсері 16 дана 700 шақырымдық қашықтыққа ие кемеге қарсы зымырандарына қоса S-300 әуе қорғаныс зымыран жүйесімен жабдықталған бір кеме ретінде танымал. 

Кеме 2015 жылы Жерорта теңізіндегі Ресей флотының тұрақты жұмыс тобын басқарды және Сириядағы орыс Хмеймим әскери әуе базасын қорғау қызметін атқарды.



Ұқсас жаңалықтар