Ресей: "АҚШ пен НАТО көліктері заңды әскери нысана ретінде қабылданады"

Сергей Рябков АҚШ пен НАТО-ның көліктерінің «заңды әскери нысана» ретінде қабылданатынын атап көрсетті.

1812104
Ресей: "АҚШ пен НАТО көліктері заңды әскери нысана ретінде қабылданады"

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Украина жерінде қару тасымалдаған АҚШ пен НАТО көліктерін «заңды әскери нысана» ретінде қабылдайтындарын атап көрсетті. 

Сергей Рябков орыс ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында батыс елдерінің Украинадағы әрекеттеріне баға берді. 

АҚШ-тың Украинаға қару-жарақ қолдауына назар аударған Рябков мұндай жағдайда АҚШ әкімшілігімен Украинадағы жағдайға байланысты ауқымды байланыстардың «мағынасыз» екенін айтты. 

Рябков «Сонымен қатар американдықтар мен басқа да батыстықтарға біздің операциямызды бәсеңдетуге, орыс әскери жасақтары және Донецк пен Луганск Халық Республикаларын құру процесіне зиян келтіруге бағытталған кез-келген әрекеттерінің алдын алатынымызды түсіндіруге тырысамыз. Оларды Украина жерінде қозғалатын АҚШ-НАТО қарулы көліктерінің заңды әскери нысана ретінде қабылданғанын ескертеміз» деді. 

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков болса Украинадан Ресей аумағына шабуылдар жалғасқан жағдайда, Ресей армиясының Киевке қоса шешім қабылдау орталықтарын жоятындарын атап көрсетті. 

Игорь Конашенков бас қала Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде Украина әскери бөлімдерінің Ресей Федерациясы аумағына бағыттап шабуылдап, саботаж әрекеті жасағанын атап, «Егер бұл әрекеттері жалғасатын болса, Ресей Қарулы күштері Киевке қоса шешім қабылдау орталықтарын жояды» деді. 

Украина президентінің кеңсе басшысы Андрей Ермак бас қала Киевке жасалуы ықтимал шабуыл қорқытуларымен байланысты «Кез-келген сценарийге дайынбыз және кез-келген орыс сценарийі сәтсіз аяқталады» деді. 

Ермак «Кремль оларға жауап бере алмайтын бейбіт халықпен қалай күресуді білетінін дәлелдеді. Ресей алдағы уақытта халықаралық сотта өзінің барлық қылмыстары үшін жауап береді» деді. 



Ұқсас жаңалықтар