Польша, Литва, Латвия және Эстония көшбасшылары Киевке барды
Зеленский Польша, Литва, Латвия және Эстонияның әрқашан Украинаны бірінші болып қорғағанын білдірді.
Польша, Литва, Латвия және Эстония көшбасшылары Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Киевке бараы.
Украина президенті Владимир Зеленский Польша, Литва, Латвия және Эстонияның әрқашан Украинаны бірінші болып қорғағанын білдірді.
Зеленский кеше пойызбен Украинаның астанасы Киевке жеткен Польша президенті Анджей Дуда, Литва президенті Гитанас Науседа және Латвия президенті Эгилс Левитспен кездесті.
Кездесуден кейін Зеленский мәлімдеме жасады. Зеленский Польша, Литва, Латвия және Эстонияның әрқашан Украинаны бірінші болып қорғаған ел екенін айтты. Зеленский қару қолдауы тақырыбында да бұл елдер мен лидерлерінің бірінші болып Украинаға жәрдем бергенін түсіндірді.
Владимир Зеленский "Польша, Литва, Латвия және Эстония әрқашан мемлекетіміздің қасында" деп көрсетті.
Зеленский сонымен қатар барлық көрші елдермен осы елдер сияқты дос, дұрыс және стратегиялық қарым-қатынас құрғысы келгендерін атап өтті.
Зеленский "Бұл төрт елдің Украинаның болашағындағы барлық парақшасында маңызды орын иелейтініне кәміл сенемін. Біздің жарқын болашағымыз бар. Өйткені осындай ортақтар және достармен бірге жеңіске қол жеткіземіз. Қиыншылық кезеңде Украинаға жасаған маңызды сапары үшін сіздерге алғыс айтамын" деген сөздер қолданды.
Ұқсас жаңалықтар
Байден Анголада
Джо Байден босқын африкалықтарға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді.
БҰҰ-да екі жоба қабылданды
Израиль-Палестина мәселесін екі мемлекетті шешімі үшін конференция ұйымдастыруға шешім қабылданды.