Нигериядағы қарулы шабуылда 154 адам ажал құшты

Нигерияның Плато уәлаятында қарулы адамдар тарапынан ұйымдастырылған шабуылда 54 адам мерт болды.

1812304
Нигериядағы қарулы шабуылда 154 адам ажал құшты

Нигерияның Плато уәлаятында 10 сәуір күні қарулы адамдар тарапынан ұйымдастырылған шабуылда 54 адам мерт болды. 

Заңнама және сот-құқықтық мәжіліс мүшесі Яу Абубакар бұл туралы мәлімдеме жасады. Абубакар мәлімдемесінде 10 сәуірде мотоцикл мінген қарулы адамдардың Плато уәлаятына қарасты Канем аймағында оқ жаудырғанын білдірді. 

Шабуылдан кейін осы таңға дейін 154 адамның мәйітінің табылғанын түсіндірген Абубакар мөлшермен 4 мың 800 адамның қорыққаннан үйлерін тастап кеткенін айтты. 

Президенттік сарайдан жасалған мәлімдемеге қарағанда Нигерия президенті Мұхаммед Бухари шабуылды қатал түрде айыптап, қылмыстылардың сотқа тартылуы керектігін баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар