Имран Хан ерте сайлауға шақырды

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан ерте сайлау өткізуге шақырып, әйтпесе халықты көшеге шығаратынын білдірді.

1812375
Имран Хан ерте сайлауға шақырды

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан ерте сайлау өткізуге шақырып, әйтпесе халықты көшеге шығаратынын білдірді. 

Жергілікті ақпарат құралдарына қарағанда Пәкістанның Әділет қозғалысы партиясы төрағасы Хан міндетінен босатылуының артынан алғашқы митингін Пешаварда өткізді. 

Хан мұндағы мәлімдемесінде «Жаңа сайлау тез арада жариялануы керек, әйтпесе халықты көшеге шығарамын» деді. 

Халықтан өзіне бағытталған шетелдік алаңдатушылыққа қарсы бейбіт шеру өткізуді сұраған Хан Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) Пәкістандағы әскери базаны бермегені үшін Вашингтонның елдегі режимді өзгерткенін алға тартты. 

Хан Пәкістанның АҚШ үшін соғысқанын, бірақ Вашингтонның пилотсыз ұшақтармен жазықсыз пәкістандықтарды өлтіріп жатқанын атап көрсетті. 

Әділет қозғалысы партиясы төрағасы Хан 16 сәуір күні Карачиде митинг ұйымдастыратынын жариялады. 

Елде 3 кезең премьер-министрлік қызмет атқарған Наваз Шерифтің ағасы Шахбаз Шериф 11 сәуір күні өткен сайлауда 174 дауыс жинап, абсолютті көпшіліктің қолдауымен премьер-министр болып сайланды. 

Пәкістан парламентінде 10 сәуір күні өткен сенім дауысы беру нәтижесінде 174 «қарсы» дауыс жинаған Имран Хан үкіметі құлаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар