Ресей армиясының шығыны

Соңғы 24 сағатта қауіпсіз аймақтарға 4354 адам эвакуацияланды.

1810876
Ресей армиясының шығыны
ukrayna siviller tahliye.jpg

Украина Бас штабы  24 ақпан мен 12 сәуір аралығындағы Ресей армиясының шығыны туралы ақпарат жариялады.

Сәйкесінше Украинаға шабуыл жасаған Ресей армиясының 19600 жауынгері қаза тауып, Ресейдің 157 ұшағы, 140 тікұшағы, 732 танкі, 1946 броньды көлігі, 349 зеңбірегі, 111 зымырандық жүйесі және 63 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Сондай-ақ ресейлік күштер 1406 көлік, 7 кеме мен жеңіл жүрдек қайық, 76 жанармай көлігі және 124 ұшқышсыз ұшақтан айырылып қалды.

Ал Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещук соңғы 24 сағатта гуманитарлық көмек дәліздері арқылы қауіпсіз аймақтарға тағы 4354 адамның эвакуацияланғанын хабарлады.

Кеше ашылған гуманитарлық көмек дәліздері арқылы жасалған эвакуацияларға байланысты Telegram парақшасында мәлімдеме жасаған Верещук Мариуполь және Бердиянск қалаларынан 3 мың 854 адамның Запорожьеге жеткізілгенін айтты.

Верещук сонымен қатар қарсы жақтың үздіксіз атысты тоқтату режимін бұзуына қарамастан, кеше Луганск облысының көптеген қаласынан 500-ден астам адамды эвакуациялауды қамдағандарын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар