Путин-нысанаға жететінімізге күмән жоқ

Путин: "Киев әкімшілігінің Донбасс мәселесін бейбіт жолмен шешуді мақсат еткен Минск келісімін атқарудан бас тартқанын" білдірді.

1811154
Путин-нысанаға жететінімізге күмән жоқ

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы "Арнайы әскери операцияда" нысаналарға жетуден күдіктенбегенін айтты.

Владимир Путин Ресейде құттықталып жатқан Бүкіләлемдік Авиация және Космонавтика күніне орай Амур облысындағы «Восточный» ғарыш айлағына Беларусь президенті Александр Лукашенкомен бірге зиярат жасады.

Ресей мен Украина арасындағы соғыс жайлы мәлімдемесінде Путин орыс армиясының Донбасстағы ауыз жүзіндегі бөлшектеуші әкімшілікке жәрдемші болғанын және Ресейдің қауіпсіздігін қамдау шаралары жасалғанын айтты.

Украинадағы қақтығыстың бастартылмайтынын білдірген Путин:

"Басқа талғам қалмады және бұл дұрыс бір шара. Украинадағы арнайы әскери операцияның нысаналарға жететініне күмән жоқ. Бұлар түсінікті және негіздік нысаналар. Нысанамыз танылған Донбасс халқына көмектесу. Мұны жасауға мәжбүр қалдық" деп көрсетті.

Украинаға батыстың бағыт сілтеп отырғанын айтқан Путин:

"Киев әкімшілігінің Донбасс мәселесін бейбіт жолмен шешуді мақсат еткен Минск келісімін атқарудан бас тартқанын" білдірді.

Ресейдің өзін әлемнен бөлгісі келмейтінін білдірген Путин:

"Өзімізді шетке қақтырмаймыз. Замандас әлемде ешкім, әсіресе Ресей сияқты ірі ел қатаң түрде оқшауланбауы керек. Біз өзара әрекеттесуді қалайтын серіктестермен жұмыс істейтін боламыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар