Omicron нұсқасының жаңа штамдары табылды

BA.4 және BA.5 қосалқы нұсқаларының толығымен вакцинацияланған 30 мен 50 жас аралығындағы 4 адамда байқалғаны хабарланды.

1810987
Omicron нұсқасының жаңа  штамдары табылды

Оңтүстік Африканың Ботсвана елінде 4 адамда коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) Omicron нұсқасының жаңа BA.4 және BA.5 қосалқы штамдары табылды.

Ботсвана Денсаулық сақтау министрлігі бұрын Англия, Дания және Оңтүстік Африкада анықталған BA.4 және BA.5 қосалқы нұсқаларының толығымен вакцинацияланған 30 мен 50 жас аралығындағы 4 адамда байқалғанын хабарлады.

Мәлімдемеде бұл адамдарда жеңіл белгілер байқалғаны атап өтіліп, жұртшылыққа қазіргі шараларды паникаға берілместен жалғастыруға шақыру тасталды.

11 сәуірде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) BA.4 және BA.5 қосалқы штамдарының одан да тез жұқпалы екенін айтып, өлімге әкелу қаупінің  тексеріліп жатқанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар