Нью-Йорктағы метро станциясында қарулы шабуыл жасалды

Бруклиндегі метро станциясында болған қарулы шабуылда 13 кісінің жараланғаны хабарланды.

1811245
Нью-Йорктағы метро станциясында қарулы шабуыл жасалды

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында Бруклиндегі метро станциясында болған қарулы шабуылда 13 кісі жарақат алды.

Азанда болған шабуылда көптеген адамның мылтықпен атылғаны білдірілді.

Нью-Йорк қаласы Полиция басқармасынан жасалған мәлімдемеде Бруклиндегі метро станциясында болған қарулы шабуылда 13 кісінің жараланғаны хабарланды.

Әлеуметтік желілерде метро станциясында болған қарулы шабуылда жараланған адамдардың көріністері бөлісілді.

Полиция оқиға болған станцияда көптеген жарылығыш материалдардың табылғанын білдірді.

Полиция халықты аймақтан алыс тұруға ескерту жасады, метро сапарлары кешікті.



Ұқсас жаңалықтар