Харьковтағы бомбалауда бір бала қаза тапты

Қаладағы елді мекендер мен инфрақұрылым және Горький саябағы бомбаланғанды.

1810854
Харьковтағы бомбалауда бір бала қаза тапты

Украинада Харьков мэрі Игорь Терехов Ресейдің бомбалауды күшейткенін және шабуылдарда бір баланың қаза тапқанын хабарлады.

Игорь Терехов бейне үндеу арқылы жасаған мәлімдемесінде соғыстың 47-ші күні Харьков үшін ауыр күн болғанын айтты. Терехов қаладағы елді мекендер мен инфрақұрылымның және Горький саябағының бомбаланғанын мәлімдеді. «Өкінішке орай, жараланғандар бар, ең жаманы бір баламыз қайтыс болды» деді ол.

Украинаның бас штабы Ресейдің Донецк және Луганск облыстарын толығымен басып алу жоспарынан бас тартпағанын хабарлады.

Бас штабтың Фейсбук парақшасынан жасалған мәлімдемеде Украина армиясы мен халқының 47-ші күні Ресей әскери басқыншылығына қарсы ерлікпен тойтарысын жалғастырғаны білдірілді. Мәлімдемеде ресейлік әскерлердің Мариупольдің кейбір аудандарында шабуыл операциясын жалғастырғаны атап өтілді. Мәлімдемеде ресейлік әскерлердің Харьков қаласын бірнеше зымыран жүйесі арқылы жартылай жауып тастауға әрекеттенгені айтылды.

"Ресей әскерлері Херсон қаласы мен оның аймағының тұрғындарына психологиялық қысым шараларын жүргізеді. Олар Ресейдің әскери операциясы деп аталатын әрекетін өз негіздемесімен түсіндіретін ақпараттық бюллетеньдер таратуда" деп білдірілді.

Мәлімдемеде Луганск облысындағы 65 жастан кіші ер азаматтарға әскери бөлімшедегі сарбаздардың шығынын толтыру үшін жұмылдыру жарияланғаны атап өтілді. Ресей солдаттары осы жастағы адамдарды анықтап, күштеп әскерге алу үшін қоғамдық ғимараттар мен зауыттарды басып жатыр» деп айтылды.

 



Ұқсас жаңалықтар