Германия Украинаға 50 танк жолдайды

Rheinmetall компаниясы алғашқы Leopard 1 танкі 6 апта ішінде жолдантынын хабарлады.

1810671
Германия Украинаға 50 танк жолдайды

Германияның қару өндіруші Rheinmetall компаниясы Украинаға  50 Leopard 1 танкін жеткізетіні хабарланды.

Rheinmetall Әкімшілік кеңесінің төрағасы Армин Паппергер Handelsblatt газетіне жасаған мәлімдемесінде компанияға қарасты 50 Leopard 1 танкін Украина Қарулы күштеріне тапсырып беретіндерін айтты.

Армин Паппергер бұл танктердің басқа армиялар қолданғаннан кейін компанияға кері жолдаған танктер екенін және күтімделгенін білдірді.

"Алғашқы Leopard 1 танкі 6 апта ішінде жолданады" деген Армин Паппергер танктердің  компанияға қарасты “Rheinmetall Italia” бөлімшесінен жолданатынын білдірді.

Армин Паппергер Украина әскерлеріне танктерді қолдану үшін жылдам білім берілетінін айтты.

Армин Паппергер компанияның осының алдында Украинаға 50-60  Мардер типті танк беретіні мәлімдемесі жайлы бұлардың 10-20 данасы 6 апта ішінде дайын болатынын хабарлады.

Танктерді Украинаға жолдау үшін Германия үкіметінің мақұлдауы керек.



Ұқсас жаңалықтар