3 айда 30 мың адам босқынға айналды

2015 жылдан бері 4.3 миллионға жеткен босқын санының барған сайын артып отырғаны білдірілді.

1810590
3 айда 30 мың адам босқынға айналды

Йеменде үш жарым айда 30 мың адам босқынға айналды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты Йемен бөлімшесінің әлеуметтік желі Твиттер-де жасаған жазбаша мәлімдемесінде  елде соғыс басталған 2015 жылдан бері 4.3 миллионға жеткен босқын санының барған сайын артып отырғаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Жылдың басынан бері 30 мың йемендік мекендерінен кетуге мәжбүр қалды" деп жазылды. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты Йеменде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатудың маңызды екеніне тоқталды.

Йеменде Иранның қолдауын алған хоуситтер мен үкімет күштері арасында жылдар бойы жалғасқан қақтығыстарда 377 мың адам қаза тапты.

Әлемдегі ең кедей елдердің бірі Йеменде ішкі соғыс себепті гуманитарлық дағдарыс қорқынышты күйге жетті.



Ұқсас жаңалықтар