ЕО ресейлік 21 әуекомпанияға тыйым салынды

ЕО Комиссиясы әуе қауіпсіздігі тізімі жаңартылды.

1810557
ЕО ресейлік 21 әуекомпанияға тыйым салынды

Еуроодақ (ЕО) халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай емес деген сылтаумен ресейлік 21 әуекомпанияға тыйым салынды.

ЕО Комиссиясының шешімімен Еуропадағы әуе қатынасына тыйым салынған немесе шектеу қойылған әуекомпаниялары қамтылған ЕО әуе қауіпсіздігі тізімі жаңартылды.

Мәлімдемеде халықаралық қауіпсіздік стандарттарын орындамаған әуекомпанияларды да қамтитын тізімге Ресейде сертификатталған 21 әуе компанияның да қосылғаны атап көрсетілді.

Шешімнің Ресейдің шетелдіктерге тиесілі ұшақтарды қайта тіркеуге мәжбүрлеуі және жарамдылық сертификаттары болмай тұрып жұмыс істеуіне рұқсат беруі себепті қабылданғанына назар аударылған мәлімдемеде бұл жағдайдың үлкен қауіпсіздік мәселелерін туғызғаны және халықаралық авиациялық қауіпсіздік стандарттарын бұзғаны білдірілді.

Мәлімдемеде соңғы жаңартумен 117 әуекомпанияның ЕО әуе кеңістігінде ұшуына тыйым салынғаны атап көрсетілді.

Тақырыппен байланысты мәлімдеме жасаған ЕО-тың Қатынасқа жауапты комиссары Адина Валеан «Бұл шешімнің Ресейге қарсы кезекті санкция емес екенін түсіндіргім келеді. Шешім тек техникалық және қауіпсіздік себептерімен қабылданған. Біз қауіпсіздікті саясатпен шатастырмаймыз» деді.

Ресей Федералдық авиация агенттігінің жарамдылық сертификаты жоқ жүздеген ұшақты пайдалануға рұқсат бергеніне назар аударған Валеан мұның халықаралық азаматтық авиация келісімін ашық түрде бұзу екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар