ЕО Молдова мен Грузияның мүшелік процесін бастады

Еурокомиссияның кеңеюге жауапты мүшесі Оливер Вархели мәлімдеме жасады.

1810616
ЕО Молдова мен Грузияның мүшелік процесін бастады

Еуроодақ (ЕО) Украинадан кейін Молдова мен Грузияның мүшелік процестерін бастады.

Еуроодақтың Дамуға жауапты комиссары Оливер Вархели өзінің Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде бүгін Люксембургте Молдова Сыртқы істер министрі Нику Попеску және Грузия Сыртқы істер министрі Илья Дарчиашвилиге Еуроодаққа мүше болу өтінішінің формасын бергенін хабарлады.

Вархели «Алғашқы қадам. Біз өте жылдам қозғалуға дайынбыз. Сондықтан оны неғұрлым тез дайындасаңыз, соғұрлым біз ЕО Кеңесіне пікірімізді тезірек ұсына аламыз» деді.

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен болса 8 сәуір күні Украинаның бас қаласы Киевке сапары кезінде Украина президенті Владимир Зеленскийге дәл мұндай өтініш құжаттарын тапсырған болатын.

Сауалнама ерекшелігі форматындағы аталмыш өтініш құжаты Еуропа кеңесі қойған сұрақтарға берілетін жауаптар негізінде елдердің ЕО мүшелігіне өтініші бойынша Комиссияның пікіріне көмектесуге бағытталған.



Ұқсас жаңалықтар