Францияда президенттік сайлау екінші турға қалды

Францияда президенттік сайлаудың алғаш турын Макрон және Ле Пен аяқтады.

1810164
Францияда президенттік сайлау екінші турға қалды

Францияда президенттік сайлаудың алғаш турын президент Эммануэль Макрон және радикал оңшыл Марин Ле Пен аяқтады.

12 үміткер бақ сынаған президенттік сайлауға дауыс берудің алғашқы туры  кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де аяқталды.

Мемлекеттік трансляция мекемесі France Info, Le Monde және France 24 дайындаған сайлау сауалнамасына қарағанда бірінші турда бірде-бір үміткер президент болып сайлану үшін бірінші турда қажетті 50 пайыз абсолютті көпшілік дауысқа қол жеткізе алмады.

Бұған қарағанда Макрон дауыстардың 28,1 пайызын жинап, алғашқы турда сайлауды бірінші орында аяқтады. Ле Пен болса 23,3 пайызбен екінші болды.

Радикал солшыл үміткер Жан-Люк Меленшон 20,1 пайыз, радикал оңшыл Эрик Земмур 7,2 пайыз және оңшыл Республикалық партияның үміткері Валери Пекрессе 5 пайыз дауыс жинады.

Жасылдар партиясының төрағасы және Еуропарламент депутаты Янник Джадот 4,4 пайыз және Социалистік партия үміткері, Париж мэрі Анн Идальго жинаған дауыс 2,1 пайыз.

Бірінші турда алғашқы екі орынды алған Макрон мен Ле Пен 24 сәуір күні өтетін екінші тур дауыс беруде бақ сынайды.

Сайлаудың бірінші турының ресми қорытындысы Конституциялық сот тарапынан 13 сәуір күні жарияланбақ.

Екінші турда жеңіске жеткен үміткер 13 мамыр күніне дейін қызметін қабылдап алады.

Макрон мен Ле Пен 2017 жылы президенттік сайлаудың бірінші турын үздік екі орында аяқтаған үміткерлер болған еді.

Екінші турда 66,1 пайыз дауыс жинаған Макрон президент болып сайланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар