«Джо Байден алжыған шал»

Хабарда "Байден билік басында болған АҚШ-тың болашағы қараңғы" деп көрсетілді.

1810026
«Джо Байден алжыған шал»

Солтүстік Кореяның Орталық ақпарат агенттігі Ресей президенті Владимир Путинді әскери қылмыс жасаумен айыптаған Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байденді «Алжыған шал» деп сипаттады.

Channel News Asia телеарнасы Солтүстік Кореяның Орталық ақпарат агенттігінің хабарын негіз етіп, Украинаның Буча қаласында бейбіт азаматтарды өлтіруін айыптаған Джо Байден үшін «Алжыған шал» деген сипаттама қолданғанын білдірді.

Хабарда "Мұндай мәлімдемелер шабуылдауға және қастандыққа шебер Янкилердің ұрпақтары тарапынан ғана жасалады" деп жазылды.

Байден үшін "Тілінен жаңылумен танымал президент" деген баға берілген хабарда "Осындай адам билік басында болған АҚШ-тың болашағы қараңғы" деп көрсетілді.

Солтүстік Кореяның Орталық ақпарат агенттігі бұрын да шетел лидерлері жайлы тіл ұзартқансындар жариялаған болатын.  

Пхеньян әкімшілігі АҚШ-тың бұрынғы президенді Барак Обаманы «тропикалық ормандағы маймылға» ұқсатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар