Украиналық босқындарды қабылдаған елдерге ақшалай көмек

Көмек пакеті React-EU фондынан қамдалады.

1809154
Украиналық босқындарды қабылдаған елдерге ақшалай көмек

Еуропа Парламенті украиналық босқындарды қабылдаған Еуропа Одағына мүше елдерде 3,4 миллиард евро көмек беретін шешімді бекітті.

Францияда жиналған ЕП-де Ресейдің 24 ақпан күні басталған шабуылына байланысты елдерінен кеткен украиналық босқындарды қабылдаған Еуропа Одағына мүше елдерге 3,4 миллиард евро көмек беруді көздеген шешім бір «қарсы» дауысқа қарамастан 549 «қабыл» дауыспен қабылданды.  Сегіз депутат «қалыс» қалды.

Көмек пакеті React-EU фондынан қамдалады.

Украинаға көрші ЕО елдері- Венгрия, Польша, Румыния және Словакия, өз халқының бір процентінен артық босқын қабылдаған Австрия, Болгария, Чехия, Эстонияға кешіктірместен фондының 45 пайызының жолданатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар