Украина Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Министрлік Луганск аймағында ресейлік күштерінің бірнеше шақырым тойтарылғанын мәлімдеді.

1809259
Украина Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Украина Қорғаныс министрлігі Луганск аймағында ресейлік күштерді бірнеше шақырым тойтарғандарын, Чернигов аймағындағы Гремяч ауылының азат етілгенін хабарлады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде «Луганскіде сарбаздарымыз сәтті қарсы шабуыл жасап, жауды бірнеше шақырым артқа шегіндірді. Чернигов аймағында да Гремяч ауылы орыс басқыншыларынан азат етілді» делінді.

Мәлімдемеде сондай-ақ Украина арнайы десанттарының ресейлік күштерінің пайдалануға жарамды бірнеше әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін бақылауға алғаны да білдірілді.

Украина Бас штаб басқармасы болса 24 ақпан-8 сәуір күндері аралығында Ресей армиясының шығыны туралы ақпаратты жариялады.

Бұған қарағанда Украинаға шабуыл жасаған Ресей армиясынан 19 мыңдай сарбаз қаза тауып, ресейліктерге тиесілі 150 әскери ұшақ, 135 тікұшақ, 700 танк, 1 мың 891 броньды техника, 333 зеңбірек, 108 көп ұңғымалы зымыран жүйесі және 55 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Сондай-ақ Ресей күштері 1 мың 361 әскери көлік, 7 кеме мен жеңіл жүрдек қайық, 76 жанар-жағармай тасымалдау көлігі және 112 пилотсыз әуе көлігінен де айрылды.

Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещук кеше гуманитарлық дәліздер арқылы 4 мың 676 бейбіт тұрғынның қауіпсіз аймақтарға көшірілгенін мәлімдеді.

Орыс күштерінің қоршауында болған Мариуполь мен Бердянсктен 3 мың 256 бейбіт тұрғынның әрі эвакуациялау автобустары, әрі өз көліктерімен Запорожьеге өткенін атап көрсеткен Верешчук Луганск облысының әртүрлі қаласынан 1 мың 420 адамның қауіпсіз аймақтарға жеткенін айтты.

Басқа жақтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Ресейдің шабуылдары жалғасып жатқан Украинадағы денсаулық орталықтарына жасалған шабуыл санының 100-ден асқанын жариялады.

Ұйымнан жасалған жазбаша мәлімдемеде соғыс басталған 24 ақпан күнінен бері денсаулық орталықтарына 103 шабуыл жасалды. Олардың 89-ының денсаулық сақтау ғимараттары және 13-інің жедел жәрдем мен медициналық қатынас көлігі екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар