Индиана штатындағы үйрек фермасында құс тұмауы анықталды

Індеттің халық денсаулығының өзекті мәселесі емес екені баса айтылды.

1809412
Индиана штатындағы үйрек фермасында құс тұмауы анықталды

АҚШ-тың Индиана штатындағы үйрек фермасында құс тұмауы анықталды.

Индиана жануарларды сауықтыру басқармасы штаттың Эльхарт аймағындағы коммерциялық үйрек фермасында жануарлардан cынама алынғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде зертханаға жіберілген бұл сынамалардың оң нәтиже бергені және бұл фермада 4 мыңға жуық құс бар екені айтылды. Мәлімдемеде  бірақ үйректердің жойылатыны туралы ақпарат айтылмаған.

Құзырлы органдар штаттағы басқа да шаруашылықтардағы құс етінен сынама алу жұмыстарын қолға алды.  Індеттің халық денсаулығының өзекті мәселесі емес екені баса айтылды.

Жылдың басынан бері Индиана штатындағы Дубуа және Грин қалаларындағы алты күркетауық фермасында, сондай-ақ АҚШ-тың көптеген штаттарында да тауық және күркетауық фермаларында құс тұмауы анықталған еді.

Индиана елдегі үйректі ең көп өндіретін штат ретінде белгілі.



Ұқсас жаңалықтар