Германияда мыңдаған адам Украинадағы соғысты протест етті

Германияның бас қаласы Берлинде мыңдаған адам Украинадағы соғысқа наразылық білдірді.

1808547
Германияда мыңдаған адам Украинадағы соғысты протест етті

Украиналық әртүрлі топтарының шақыруымен мыңдаған адам Ресейдің Украинаға қарсы 24 ақпан күні бастаған соғысына наразылық білдіру үшін Германия Федералдық Мәжілісі алдындағы алаңға жиналды.

Шерушілер қолдарында Украина байрақтарын ұстап «Соғысты тоқтатыңыз», «Үнсіздік- зомбылық», «Мәскеуге ақша жоқ», «Ашудың орнына эмбарго» және «Украинаны Еуроодаққа қабылдаңыз» деп жазылған плакаттар ұстады.

Наразылық шеруінде айтылған сөздер мен тасталған ұрандарда Германия мен Еуроодақ (ЕО) елдерінің Ресейге эмбарго енгізуі, Ресеймен газ және мұнай саудасын тоқтатуы талап етілді.

Кейбір шерушілер Украинадағы оқиғаларға назар аудару үшін беттеріне қызыл бояу жағып, қолдарын ақ лентамен байлады.

Шерушілер Украинаның әртүрлі аймақтарында қаза тапқандарды еске алу үшін наразылық шеруі өткен алаңда жерге жатты.



Ұқсас жаңалықтар