Украина Ресейдің "Адмирал Эссен" фрегатына зақым келтіргенін мәлімдеді

Украина президентінің кеңесшісі Алексей Арестович тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1807229
Украина Ресейдің "Адмирал Эссен" фрегатына зақым келтіргенін мәлімдеді

Украина президентінің кеңесшісі Алексей Арестович Ресейдің «Адмирал Эссен» фрегатына зақым келтірілгенін хабарлады.

Арестович күнделікті брифингте жасаған мәлімдемесінде Украина қарулы күштерінің батылдығы мен тәжірибесінің арқасында Ресей әскери-теңіз флотының «Адмирал Эссен» атты фрегатқа зақым келтірілгенін атап көрсетті.

Қаратеңіздегі Ресей Әскери-теңіз күштеріне тиесілі «Адмирал Эссен» Сириядағы әскери операция кезінде ұшырған Калибр зымырандарымен назар аударған болатын.

 

Украина Бас штаб басқарамасының болса Ресей армиясының 24 ақпан-5 сәуір күндері аралығындағы шығыны туралы ақпарат жариялады.

Мәлімдемеге қарағанда Украинаға шабуыл жасаған Ресей армиясының 18 мың 500 сарбазы қаза тауып, Ресей Қарулы күштеріне тиесілі 150 әскери ұшақ, 134 тікұшақ, 676 танк, 1 мың 858 броньды техника, 332 артиллерия, 107 зымырандық жүйе және 55 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Сондай-ақ Ресей күштері 1 мың 322 көлік, 7 кеме мен жеңіл жүрдек қайық, 76 жанармай көлігі мен 94 пилотсыз әуе көлігінен де айырылды.

Украина Бас штаб басқармасы жасаған тағы бір  мәлімдемеде болса казармаға оралған орыс сарбаздарының маңызды бөлігінің отставкаға кетуге тырысқаны және бұның тиісті денсаулық күтімін ала алмауымен байланысты екеніне назар аударылды.

Мәлімдемеде Ресейдің Украинадағы соғысы бойынша екі рет қана шығындары туралы мәлімдеме жасағаны еске салынып, «Ресей мен Беларусь әскери-медициналық мекемелерінің Украина аумағынан мұншама көп жаралыларды қабылдауға мүмкіндігі жоқ сияқты» делінді.

Украинаның Суми қаласында 29 наурыз-2 сәуір күндері аралығында 100 жаралы апарылған Ресейдің Курск аймағындағы Глушково ауылындағы Орталық аймақтық ауруханасы медициналық қызметкерлеріне шұғыл дайындық тапсырмасы берілгені білдірілді.

Қаратеңізге жағалауы бар және уақытша басып алынған Херсон қаласында қақтығыстардың жалғасқаны және бейбіт тұрғындардың көліктерін тартып алу фактілерінің көбейгені атап көрсетілді.

Украина премьер-министр орынбасары Ирина Верещук 3 мың 376 бейбіт тұрғынның қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Верещук күнделікті брифингте жасаған мәлімдемесінде гуманитарлық дәліздер ашылған Мариуполь және Бердянск қалаларынан 2 мың 405 бейбіт тұрғынның өз көліктерімен Запорожьеге өткенін түсіндірді.

Орыс басқыншылар жүйелі түрде эвакуациялау жұмыстарына кедергі жасаған Луганск аймағынан 971 бейбіт тұрғынды эвакуациялай алғандарын атап айтқан Верещук Халықаралық Қызыл Крест комитетінің делегациясымен бірге келген автобустың Мангуш қаласында тоқтатылғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар