Ресей Украинаның соғыс шығындарын жариялады

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Мәскеуде мәлідеме жасады.

1807166
Ресей Украинаның соғыс шығындарын жариялады

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков кеше Украина армиясының 17 әскери инфрақұрылымын жойғанын хабарлады.

Конашенков бас қала Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде Ресей армиясы мен Донбасстағы жікшіл әкімшіліктердің Украинада ілгерілеуді жалғастырғанын білдірді.

Ресей әскери күштерінің Украинадағы әскери инфрақұрылым нысандарына шабуылдарын жалғастырғанын атап көрсеткен Конашенков «Украинада күндізгі уақытта жасалған әуе шабуылдарында 17 әскери инфрақұрылым жойылды» деді.

Конашенков Украинаның қазірге дейінгі әскери шығындары туралы «Осы уақытқа дейін Украина армиясына тиесілі 125 әскери ұшақ, 91 тікұшақ, 394 пилотсыз әуе көлігі, 226 әуе қорғаныс зымырандық жүйесі, 1 мың 948 танк пен броньды техника, 212 көп ұңғылы зымыран, 838 гаубица мен миномет, 1 мың 842 арнайы әскери техника жойылды» деді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар