"Қылмыстымен саудаласуға болмайды"

Матеуш Моравецки: "Эммануэль Макрон Путинмен неше мәрте сөйлестіңіз, табысқа жеттіңіз бе? Қылмыстылармен саудаласатын кез емес" деді.

1807496
"Қылмыстымен саудаласуға болмайды"

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки Украинаның Буча қаласындағы бейбіт тұрғындардың өлімінен кейін Франция президенті Эммануэль Макронды Ресей президенті Владимир Путинмен кездескені себепті қатаң сындады.

Матеуш Моравецки астана Варшавада өткізген баспасөз жиналысында батыстан орыс байлықтарына бағытталған санкциялар мен эмбарголарды қатаңдатуды сұрады, Франция президенті Эммануэль Макронға қарата:

"Эммануэль Макрон Путинмен неше мәрте сөйлестіңіз, табысқа жеттіңіз бе? Қылмыстылармен саудаласатын кез емес" деді.

Матеуш Моравецки Германия премьер-министрі Олаф Шольцтің артқа шегінуіне түрткі болған неміс миллиардерлердің үні екенін білдірді.

Матеуш Моравецки:

"Тыңдауға тиістілер өлтірілген әйелдер мен балалардың үні" деді.

Ағылшын баспасөзінің хабарларында Матеуш Моравецкидің:

"Қылмыстылармен саудаласпау, олармен соғысу керек. Ешкім Гитлермен саудаласқан жоқ. Гитлер, Сталин, Пол Потпен (1976-1979 жылдардағы Камбоджа премьер-министрі) саудаласасыз ба?" деген сөздері жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар