Германияда бір адам 87 рет вакцина салғызған

Саксонияда 61 жастағы бір адамның күнде үш мәртеден кемінде 87 Ковид-19 вакцинасын салғызғаны білдірілді.

1806779
Германияда бір адам 87 рет вакцина салғызған

Германияда бір адамның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті вакцинасы паспортын саудаға айналдырғаны және күнде үш мәртеден астам вакцина салғызғаны жарияланды.

Freie Presse газетінің хабарына қарағанда Германияның шығысындағы Саксония уәлаятында аты-жөні жарияланбаған  61 жастағы бір адамның күнде үш мәртеден астам вакцина салғызғаны және кемінде 87 Ковид-19 вакцинасын салғызғаны білдірілді.

Газет Германия Қызыл крест ұйымының вакцина паспортын  сатқаны күдігімен аталмыш адам жайлы тергеу бастағанын алға тартты.

Қызыл крест өкілі Кай Кранич  Freie Presse газетіне берген сұхбатында Германия ұйымдарының Саксония уәлаятындағы Қызыл крест ұйымының өтініші бойында адамды зерттегенін айтты.

Адамның сақтандыру куәлігін көрсетпегені, бұл лауазымдылардың оны еретерек байқауына мүмкіндік бермегені білдірілді.

Аталмыш адамның Германияның басқа уәлаяттарында да вакцина салғызған болуы мүмкін көрінеді.



Ұқсас жаңалықтар