Словакия орыс газын рубльмен төлейді

Словакияның Экономика министрі Ричард Сулик: «Егер рубльмен төлеу талабы болса, рубльмен төлейміз».

1806800
Словакия орыс газын рубльмен төлейді

Словакияның Экономика министрі Ричард Сулик егер газ ағынын сақтау қажет болса, елінің орыс табиғи газын рубльмен төлейтінін айтты.

Сулик ұлттық телеарнаға жасаған мәлімдемеде «Егер рубльмен төлеу талабы болса, рубльмен төлейміз» деді.

Ресей импортының Словакиядағы жалпы газ сұранысының 85 пайызын құрағанын және бұл себепті мемлекеттік лауазымдылардың бұл мәселеде прагматикалық ұстаным сақтайтынын атап көрсетті.

Еуропаның қалған бөлігін ортақ шешім іздеуге шақырған Сулик «Газдан бастартуымыз мүмкін емес» деді.

Словакия Экономика министрі кейбір басқа еуропалық саясаткерлермен бірге жеткізушілерді әртараптандыру керек екенін баса айтты.

Дегенмен мұның жылдарға созылуы мүмкін екенін және Словакияның жанармай сатып алумен байланысты қазіргі мәселені шешу үшін небәрі екі ай уақыты қалғанын білдірді.

Ресей президенті Владимир Путин өткен апта газды рубльмен төлеу механизмін енгізу туралы жаңа жарлыққа қол қойған еді.



Ұқсас жаңалықтар