О.Кореяда екі жаттықтыру ұшағы соқтығысты
Оңтүстік Кореяда екі жаттықтырушы ұшақ әуеде соқтығысып, 3 ұшқыш қаза тапты.
1805626

Yonhap ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда лауазымдылар бас қала Сеулдің 300 шақырым оңтүстігіндегі Сачхон қаласында «Air Force KT-1» модель екі жаттықтырушы ұшақ әуеде соқтығысты.
Соқтығысқан ұшақтар күріш егістігіне құлады. Апат кезінде 3 ұшқыш қаза тауып, бір адам ауыр жарақатпен құтқарылды.
Оқиға орнына 30-дан астам төтенше жағдай және өрт сөндірушілер жіберілді.