Нигерияда Ласса безгегінен 123 кісі мерт болды

Ифедайо Перакендейфа 123 кісінің індет себепті қайтыс  болғанын, 395 кісінің емделіп жатқанын айтты.

1805080
Нигерияда Ласса безгегінен 123 кісі мерт болды

Нигерияда Ласса безгегі індетінен қайтыс болғандар саны 123 адамға жетті.

Ауруларды бақылау орталығының (NCDC) директоры, доктор Ифедайо Перакендейфа 3 қаңтардан бері елдің 23 уәлаятында 659 кісіде Ласса безгегі індеті анықталғанын білдірді.

Ифедайо Перакендейфа осы барыста 123 кісінің індет себепті қайтыс  болғанын, 395 кісінің емделіп жатқанын айтты.

Нигерия үкіметі осының алдындағы мәлімдемесінде Ласса безгегі індетін емдеу үшін 3 дәрі белгіленгенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар