Мельбурн қаласында тікұшақ апатқа ұшырады

Австралия Қорғаныс күштеріне қарасты әскери бір тікұшақ ормандық алаңға құлады.

1804880
Мельбурн қаласында тікұшақ апатқа ұшырады

Австралияның Мельбурн қаласынан көтерілген екі тікұшақтың бірінің ормандық алаңға құлағаны хабарланды.

Австралия Қорғаныс күштеріне қарасты екені бәілдірілген тікұшаққа мінген 5 адамды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Министрлік мәлімдемесінде бірдей көтерілген 2 тікұшақтың бірінің Мельбурн қаласының солтүстігіндегі Mount Disappointment аймағына белгісіз себептермен құлағаны атап көрсетілді.

Ормандық алаңда әуеден жүргізілген жұмыстар кезінде тікұшақ құлаған жер анықталды.

Тікұшақтағы адамдардың жағдайы туралы әлі мәлімдеме жасамаған лауазымдылар құтқару топтарының оқиға орнына жіберілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар