Байден мен Зеленский телефонда сөйлесті

Байден Зеленскийге елінің Украйна үкіметіне 500 миллион долларлық тікелей бюджет жәрдемін беру ниетінде екенін жеткізді.

1804605
Байден мен Зеленский телефонда сөйлесті

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден елінің Украйнаға 500 миллион доллар тікелей жәрдем беру ниетінде екенін айтты.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Джо Байден Украйна президенті Владимир Зеленскиймен АҚШ және одақтастарының Украинаға әскери, экономикалық және гуманитарлық жәрдемдері мен Ресейге бағытталған санкцияларды телефонда кеңескенін хабарлады.

АҚШ және одақтастарының Украинаның қауіпсіздік талаптары жайлы жұмыстары қолға алынған әңгімеде Байден Зеленскийге елінің Украйна үкіметіне 500 миллион долларлық тікелей бюджет жәрдемін беру ниетінде екенін жеткізді.

Телефондағы кеңесте АҚШ-тың Ресейге жасаған санкциялары мен Украинаға бағытталған гуманитарлық  жәрдемдері талқыланды, Зеленский Байденді елінің Ресеймен келіссөздері жайлы мәлімет берді.

Орыс әскерлері Украинаға 24 ақпанда соғыс бастады.



Ұқсас жаңалықтар