О.Корея қатты отынмен ұшатын ғарыш зымыранын сынақтан өткізді
Йонхап ақпарат агенттігі тақырыппен байланысты хабарлама жасады.

Оңтүстік Корея өзінің алғашқы қатты отынмен жұмыс істейтін ғарыш зымыранын сәтті сынақтан өткізгенін хабарлады.
Йонхап ақпарат агенттігінің хабарлауынша Қорғаныс министрлігі зымыранның бас қала Сеулден оңтүстік батысқа қарай 150 шақырым жердегі Таэн ауданындағы нысаннан ұшырды.
Қатты отынды зымырандардың басқа зымырандарға қарағанда құрылымының қарапайым екені түсіндірілген мәлімдемеде өндіріс шығындарының да төмен екені атап көрсетілді.
Мәлімдемеде бірінші қатты отынмен жұмыс істейтін ғарыш зымыранының сынақтан сәтті өткені және Оңтүстік Кореяның жақын арада қатты отынды ғарыштық зымыранмен орбитаға тыңшы жер серігі жіберетіні бөлісілді.
Ұқсас жаңалықтар

Қырымдағы әскери қойманың саботаж нәтижесінде жарылғаны білдірілді
Ресей Қорғаныс министрлігі Қырымдағы жарылыс туралы мәлімдеді.

Израиль күштері палестиналық балықшыларға шабуылдады
Израиль күштері қоршаудағы Газа секторы жағалауында палестиналық 4 балықшыны ұстады.