Әйелдердің ұшақпен жалғыз сапарға шығуына тыйым салды

Қасында отбасынан бір ер адамсыз жалғыз сапарға шыққысы келетін әйелдерге билет сатылмауын сұрады.

1803206
Әйелдердің ұшақпен жалғыз сапарға шығуына тыйым салды

Ауғанстанда билікті қолына алған Талибан әйелдердің ұшақпен жалғыз сапарға шығуына тыйым салды.

Талибан әкімшілігі ауған әуе компанияларына шақыру тастап, қасында отбасынан бір ер адамсыз жалғыз сапарға шыққысы келетін әйелдерге билет сатылмауын сұрады.

Ariana ауған компаниясы мен Kam авиакомпаниясының басшылары Талибаннан келген бұйрық бойынша жалғыз сапарға шығатын әйелдерге әрі ішкі желіде,  әрі сыртқы желіде билет сатылмауын талап етілгенін білдірді.

Талибан уақытша үкіметінің Білім беру министрлігі ел көлемінде қыз оқушыларға арнап әзірге бастауыш сыныптардың ашылғанын,  орта мектеп пен жоғары сыныпта оқитын қыз балалардың әзірге күтетінін білдірген болатын.  Сонымен бірге орта мектеп пен жоғары сынып оқушыларының униформасының шариғат, ауған дәстүрлері және мәдениетіне сай дайындалғаннан кейін ашылатыны айтылды.

Ауған билігі соңғы рет жексенбі күні әйелдер мен ер адамдардың қоғамға ашық саябақтарға бірге баруына тыйым салған еді. Осыған орай саябақтар сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күні ер адамдарға, қалған күндері әйелдерге ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар