Чернобыльде украиналық қызметкерлер міндетті өткізді

Орыстардың станцияның төңірегіне әскер жинауды жалғастырғанын айтқан Ирина Вересук станцияның зақымдалуынан алаңдағанын тілге тиек етті.

1803052
Чернобыльде украиналық қызметкерлер міндетті өткізді

Украинада бір айдан астам уақыттан бері орыс әскерлерінің бақылауындағы Чернобыль Атом электр станциясының украиналық қызметкерлері міндетті өткізіп берді.

Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Вересук күнделікті мәлімдемесінде Чернобыль Атом электр станциясында 600 сағаттан астам жұмыс жасаған украиналық қызметкерлердің барлығы міндетті өткізіп бергенін айтты.

Ирина Вересук 6 әйелді қамтыған 59 кісінің Чернобыль Атом электр станциясындағы міндетті өткізіп алуды қабылдағанын білдірді.

Орыстардың станцияның төңірегіне әскер жинауды жалғастырғанын айтқан Ирина Вересук станцияның зақымдалуынан алаңдағанын тілге тиек етті.

Ирина Вересук кеше екі гуманитарлық жәрдем дәлізі арқылы 1100 азаматты сенімді аймақтарға жолдағандарын білдірді.

Мариуполь қаласынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялауды жалғастырғандарын айтқан Ирина Вересук Суми облысынан эвакуациялау жұмыстары басталатынын хабарлады.

Орыс армиясы Украинаға 24 ақпанда соғыс бастады.



Ұқсас жаңалықтар