Кремль: "Ешқашан халықаралық келісімдерді бұзған емеспіз"

Кремль Байденнің Ресейге қатысты мәлімдемелеріне жауап қайтарды.

1802068
Кремль: "Ешқашан халықаралық келісімдерді бұзған емеспіз"

Ресей президентінің Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков елінің фосфор бомбасы мен химиялық қару қолданғаны туралы айыптауларды жоққа шығарып, «Ешқашан халықаралық келісімдерді бұзған емеспіз» деді.

Песков АҚШ Президенті Джо Байден мен АҚШ-тық лауазымдылардың Ресейге қатысты мәлімдемелеріне жауап қайтарды.

АҚШ-тың бірнеше рет Ресейдің химиялық қару қолдана алатынын ескерткеніне тоқталған Кремль мәлімдемешісі бұл жасалған мәлімдемені «Вашингтонның өзінің химиялық және биологиялық қару бағдарламасынан назарды басқа жаққа аудару тактикасы» деп бағалады.

Ресейдің Украинада фосфор бомбасын қолданғаны туралы мәлімдемеге жауап қайтарған баспасөз хатшысы Песков «Біз ешқашан халықаралық келісімдерді бұзған емеспіз» деді.

АҚШ-тың Мәскеуді оқшаулау әрекетінде ішінара тиімді болғанын айтқан Песков Байденнің Ресейді Үлкен жиырмалық елдері құрамынан шығару туралы өтінішіне «Әлем АҚШ пен Еуропадан әлдеқайда басқаша» деп жауап қайтарды.

Песков НАТО-ның шығысқа әскери жабдық жинауымен байланысты қалай жауап қайтарылатыны Ресей президенті Путинге ұсыныс жасалатынын да атап көрсетті.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар