Борис Джонсон Ердоғанмен кездесуінің артынан мәлімдеме жасады

Борис Джонсон НАТО және Үлкен жетілік саммитінңің артынан журналисттермен бас қосты.

1801836
Борис Джонсон Ердоғанмен кездесуінің артынан мәлімдеме жасады

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон «Байрактар TB2 пилотсыз әуе көліктері қазір Түркия Украинаға қолдау мақсатты қосқан ең маңызды үлестердің бірі» деді.

Борис Джонсон НАТО және Үлкен жетілік саммитіндегі кездесулерінің артынан баспасөз мәслихатын өткізді.

Бір журналисттің «Сіз Ердоғанмен бас қостыңыз. Түркия мен Ұлыбритания Украинаның жақын достары. Украинаны көбірек қару-жарақпен қамтамасыз ете алатыныңызды айттыңыз, бірақ әуе қорғанысы туралы сөз қозғамадыңыз. Қандай қару-жарақтар? Украинаға не керек?»  деп қойған сұрағына қайтарған жауабында Ұлыбритания премьер-министрі «Байрактар TB2 пилотсыз әуе көліктері қазір Түркия Украинаға қолдау мақсатты қосқан ең маңызды үлестердің бірі. Менің ойымша, бұл өте құнды. Ұлыбритания беріп жатқан нәрсе әуе қорғанысы мен украиндарға оларды қалай пайдалану керектігін үйрету» деді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар