Үндістан гипер дыбыстық зымыранын сынақтан өтікізді

Үндістан ядролық қабілетке ие BrahMos зымыранын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады.

1801423
Үндістан гипер дыбыстық зымыранын сынақтан өтікізді

Үндістан ядролық қабілетке ие гипер дыбыстық қанатты BrahMos зымыранын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады.

Үндістан Қорғаныс зерттеу және дамыту мекемесі жасаған мәлімдемеде Андаман және Никобар аралдарынан ұшырылған зымыранның көрсетілген нысананы дәлдеп жойғаны білдірілді.

Зымыран сынағының сәтті болуы қару-жарақ импортын азайтып, қорғаныс экспортын арттыруды мақсат еткен Үндістан үшін маңызды қадам ретінде қабылдануда.

Атын Үндістанның Брахмапутра өзені мен Ресейдің Мәскеу өзенінен алған БрахМос зымыранын екі ел бірлесе отырып жетілдірді.

Үндістанның Қорғаныс министрлігі 9 наурыз күні жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде техникалық ақауға байланысты бір зымыранның абайсызда ұшырылғанын және оның Пәкістанға құлағанын растаған болатын.

Пәкістан бұл мәселеге байланысты Үндістанға наразылық нотасын берген еді.



Ұқсас жаңалықтар