Ресейлік хакерлер АҚШ компанияларына шабуылдауы мүмкін

АҚШ-тық энергетика компанияларына бағытталған кибершабуыл қаупі артты.

1800566
Ресейлік хакерлер АҚШ компанияларына шабуылдауы мүмкін

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Федералдық тергеу бюросы (FBI/ФБР) Ресей-Украина соғысынан кейін ресейлік хакерлердің АҚШ-тағы энергетикалық компанияларға шабуыл жасау қаупінің артуы мүмкін екенін ескертті.

ФБР деректеріне қарағанда ресейлік хакерлер соғыс басталғалы бері елде жұмыс істейтін бесеуі энергетикалық, барылғы 20-дан астам компанияның қауіпсіздігіне бағыттап осал тұстарды табу үшін тінту жүргізді.

Ресей Украина соғысының басталуымен АҚШ-тық энергетика компанияларына бағытталған кибершабуыл қаупі артты.

Аптаның басында бұл тақырыпта баспасөзге мәлімдеме жасаған Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі орынбасары Энн Нойбергер Ресейдің АҚШ-қа бағыттап кибершабуыл бастайтыны туралы барлау мәліметтерінің артқанын, бірақ кейбір компаниялардың қауіпсіздік кемшіліктерін жабуда сәтсіздікке ұшырағанын айтты.

АҚШ-тың Киберқауіпсіздік және инфрақұрылымдық қауіпсіздік агенттігі кеше 13 мыңнан астам компанияға кибершабуылдарға қарсы қауіпсіздік мүмкіндіктерін күшейтуге шақыру жасаған болатын.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар