Еуропарламенттен Түркияға қарым-қатынастарды жақсарту шақыруы

Еуропарламенттің Түркия жөніндегі баяндамашысынан Анкара мен Брюссель қарым-қатынастарын жақсарту шақыруы.

1799223
Еуропарламенттен Түркияға қарым-қатынастарды жақсарту шақыруы

Еуропарламенттің Түркия жөніндегі баяндамашысы және Еуроодақ (ЕО) - Түркия бірлескен парламенттік комиссиясының мүшесі Начо Санчес Амор Анкара мен Брюссель арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға шақырды.

Амор "Анталия дипломатия форумы 2022" жылы Анадолы агенттігіне жасаған бағалауда Түркия мен ЕО арасында әртүрлі жағдайдың бар екенін атап «Бұл кезеңді қарым-қатынасымыздың ілгерілеуі үшін бағалайық, әрине Грекиямен қарым-қатынасымызды жақсарту тақырыбын да қосайық» деді.

Түркия мен Грекия арасында тікелей байланыс орнатуға назар аударған Амор «өте жақсы» деді.

Амор «Қазіргі уақытта ыңғайлы орта бар және өткенде жасаған тартыстарды аяқтап, болашаққа бірге жету үшін назар аударуға тырысайық» деді.

Баяндамашы Амор президент Режеп Тайып Ердоғанның «Анталия дипломатия форумы 2022» ашылу салтанатында сөйлеген сөзіне ризашылығын тілге тиек етті.

«Ердоған басқыншылыққа қарсы халықаралық құқық ережелері және қағидаларымен Украинаның егемендігін қолдайды» деген Амор мұның ЕО-Түркия қарым-қатынастары үшін жаңа мүмкіндік екенін атап көрсетті.

Амор «Түркияның бізбен бірдей көзқарасы бар екенін көргенімізге қуаныштымыз және Түркиямен байланысты жаңа есеп мұны көрсетеді деп үміттенемін» деді.

Украина-Ресей соғысына тоқталған Амор Украинадағы оқиғаларға қарамастан «Анталия дипломатия форумы 2022» өткізуге қосқан үлесі үшін Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуды құттықтады.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар