Ресей-Украина соғысында Украинада 847 бейбіт тұрғын қаза тапты

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты мәлімдеме жасады.

1798494
Ресей-Украина соғысында Украинада 847 бейбіт тұрғын қаза тапты

Украинаның Харьков қаласында кеше кешкісін болған орыстардың бомбалауы кезінде алғашқы мәлімет бойынша 9 жасар бір бала қаза тапты.

Жарылыстан кейін оқиға орнына көптеген іздеу құтқару тобы жіберілді.

Ресей-Украина соғысында Украинада 847 бейбіт тұрғын қаза тапты, 1 мың 399 бейбіт тұрғын жарақат алды, шабуылдардың артынан көрші елдерге 3 миллион 328 мың 692 босқын өтті.

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты жасаған мәлімдемеде Украинадағы босқын дағдарысына байланысты әртүрлі дереккөздерден алынған ақпарат бөлісілді.

Осыған қарағанда 24 ақпан - 18 наурыз күндері аралығында жартысынан астамы Украинадан Польшаға барған жалпы 3 миллион 328 мың 692 босқынның көрші елдерге өткені айтылды.

Украиндардың көрші елдерден ең көп Польшаға (2 миллион 10 мың 693), Румынияға (518 мың 269) және Молдоваға (359 мың 56) өткені атап көрсетілген мәлімдемеде Донецк және Луганск аймақтарынан 18-23 ақпан күндері аралығында 50 мың адамның Ресейге өткені атап көрсетілді.

Басқа жақтан Украина Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Украина Қарулы күштерінің Ресей армиясы тарапынан соңғы 24 сағатта жасалған 10 шабуылды сәтті тойтарғаны білдірілді.

Мәлімдемеде кешегі қақтығыстарда Ресей армиясына тиесілі 13 сауытты әскери қызметкер тасымалдау көлігі, 8 танк, 7 сауытты  және жаяу әскердің жауынгерлік көлігі мен 10 жүк көлігінің жойылғаны, 100-ден астам орыс әскерінің залалсыздандырылғаны атап көрсетілді.

Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верешук жасаған мәлімдемеде Ресей армиясымен соғыс жүріп жатқан Украинаның әртүрлі аймақтарында соңғы 24 сағатта ашылған 10 гуманитарлық дәліздің 8-і жұмыс істеп жатқанын айтты..

Осы дәліздер арқылы эвакуация жасалғанын атап көрсеткен Верешук «Бүгін 8 гуманитарлық дәліз арқылы 6 мың 623 адамды эвакуацияладық» деді.

Рубейное және Попасна сияқты тұрғын аймақтардағы гуманитарлық дәліздің жұмыс істеп тұрғанын атап өткен ол Бородянка мен Херсондағы гуманитарлық дәліздерді Ресей әскерінің жауып тастағанын баса айтты.

Верешук сондай-ақ өз елінде Ресей армиясының 562 тұтқыны бар екенін білдірді.

Украина ұлттық теміржол компаниясы «Укрзализница»-ның басшысы Александр Камишин елінің Беларусьпен арасындағы теміржол қатынасының тоқтатылғанын хабарлады.

Дүние жүзіндегі журналистердің заңды құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін орталығы Женевадағы Press Emblem Campaign (PEC) Ресейдің шабуылдары басталған күннен бері Украинада жұмыс істеп жүрген 6 шетелдік журналистің Ресейдің шабуылдарында қаза тапқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар