Ресей армиясы Киев, Чернигов, Харьков және Мариупольды түнімен бомбалады

Чернигов губернаторы Вячеслав Чаус шабуылдар туралы мәлімдеді.

1797138
Ресей армиясы Киев, Чернигов, Харьков және Мариупольды түнімен бомбалады

Ресей армиясы Украинаның бас қаласы Киев, Чернигов, Харьков, Мариуполь сияқты қалаларда азаматтық құрылымдарға түні бойы шабуылдады. 

Чернигов губернаторы Вячеслав Чаус қаланың орыстар тарапынан үнемі бомбаланып жатқанын хабарлады. 

Чаус ресейлік күштердің азаматтық инфрақұрылымдарды нысанаға алғанын және соңғы 24 сағатта 53 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді. 

Ресей 24 ақпан күні соғыс жариялаған Украинаның Чернигов қаласында бомбаланған бір жатақхананың үйінділері арасынан 3 бала, барлығы 5 адамның мәйіті табылды.

Украина мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі мәлімдемесінде Азаматтық құтқару топтарының Чернигов қаласында 7 рет өрт сөндіру, 4 рет ғимарат үйінділерін тазалау жұмысына қатысқанын атап көрсетті. 

Мәлімдемеде Ресей армиясының бір жатақхананы бомбалағаны, құтқару топтарының ғимараттың үйінділері арасынан 3-і бала, барлығы 5 бейбіт тұрңғынның мәйітін шығарғаны атап көрсетілді.

Кеше Черниговта нан кезегін күтіп отырған бейбіт тұрғындарға Ресей армиясының оқ жаудырғаны, БАҚ-ның аталмыш шабуылда кемінде 10 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны жөнінде хабар таратқаны білдірілді.

Бас қала Киевте болса ресейліктер жасаған шабуылдар кезінде бір тұрғын үйге құлаған зымыран оғының салдарынан кемінде 1 адам қаза тауып, 3 адам жараланды. Ғимараттағы 30-ға жуық адам эвакуацияланды.

Харьковке қарасты Мерефа қаласында бір білім ордасына да зымыран құлағаны білдірілді. Оқиғада адам шығыны тіркелмегенімен, жарылыс салдарынан ғимаратта өрт шықты. 

Украина Бас штаб Басқармасы Ресей армиясының Мариуполь аймағындағы қақтығыстардан қашқан бейбіт тұрғындар мінген эвакуациялау керуеніне оқ жаудырғанын хабарлады.

Бас штаб жасаған мәлімдемеде Ресей армиясының күндізгі уақытта Мариупольдегі соғыстан қашып, Запорожье аймағына бара жатқан эвакуация керуеніне көп ұңғылы зымыран тасығыш жүйесінен оқ жаудырғаны білдірілді. 

Алғашқы мағлұматтар бойынша шабуылда қаза тапқан және жаралылар бар екені атап көрсетілген мәлімдемеде қаза тапқандар арасында балалар бар екені айтылды. 

Мариуполь қалалық мәжілісі болса орыс әскери ұшақтарының қалада жүздеген бейбіт тұрғын паналаған театр ғимаратын бомбалағанын хабарлады. 

Мариуполь губернаторының орынбасары Сергей Орлов қалада атқыланмаған ғимарат санының жоқтың қасы екенін білдірді. 

Бомбалау кезінде тұрғын үйлердің шамамен 90 пайызының нысанаға алынғанын білдірген Орлов ғимараттардың толығымен қирағанын немесе зақымдалғанын атап көрсетті. 

11 наурыз күні де Ресей әскерлері алып қашқан Мелитополь қаласының мэрі Иван Федоровтың босатылғаны жарияланды. 

Президенттік кеңсенің баспасөз хатшысы Дарья Заривная жергілікті телеарнадан жасаған мәлімдемеде Мелитополь мэрі Иван Федоровты соғыс кезінде тұтқынға алынған 9 орыс әскерімен алмастырғандарын білдірді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Украинада осы уақытқа дейін медицина қызметкерлері мен олар жұмыс істейтін ғимараттарға бағыттап 43 шабуыл жасалғанын мәлімдеді. 



Ұқсас жаңалықтар