Орыс әскери кемелері Жапонияның солтүстігінен өтті

Жапония Өзін-өзі қорғау әскери-теңіз күштері мәлімдеме жасады.

1796351
Орыс әскери кемелері Жапонияның солтүстігінен өтті

Ресей әскери-теңіз күштеріне тиесілі кемелердің Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо және Ресейдің Сахалин аралдары арасынан өткені білдірілді.

Жапония Қорғаныс министрлігі Өзін-өзі қорғау әскери-теңіз күштерінің Ресей әскери-теңіз флотына тиесілі 6 кемесін Хоккайдоның солтүстігіндегі Соя аймағының 130 шақырым оңтүстік шығысында анықтағанын жариялады.

Мәлімдемеде эсминец, сүңгуір қайық және зымырандарды бақылау кемелерінен тұратын орыс флоттының Соя бұғазынан өтіп, Жапон теңізіне кіргені білдірілді.

Жапон NHK қоғамдық телеарнасы ақпан айынан бері Ресей Әскери-теңіз күштерінің 20 әскери кемесіне қоса ауқымды әскери-теңіз жаттығулары өткізгенін жариялаған болатын.

Өткен аптада Хоккайдо мен Жапонияның Хонсю аралдары арасындағы Цугару бұғазы арқылы барлығы 10 орыс әскери кемесі өткен еді.

Ресей Қорғаныс министрлігі Курилл аралдары аймағында «жер-әуе» зымыран жүйелерін қамтитын әскери жаттығу өткізілгенін хабарлады.

Жапония Өзін-өзі қорғау әскери-теңіз күштерінің Украинаға 24 ақпан күні жариялаған соғыстың артынан Ресей Әскери-теңіз флотының Жапонияның айналасында арттырған әскери жұмыстарын талдайтыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар