Донецкіде 20 адам қаза тапты

Қаза тапқандар арасында балалар да бар.

1795282
Донецкіде 20 адам қаза тапты

Украина күштерінің Донецкіге шабуылында кем дегенде 20 адам қаза тапты.

Бұл туралы Донецктегі жікшіл әкімшілік лауазым иелері мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Донецкіге Украина күштері тарапынан лақтырылған Точка-U зымыранының әкімшілік ғимаратының үстінде әуе қорғаныс жүйесі тарапынан жойылғаны айтылды. «Алғашқы анықтамаларға қарағанда, зымыран бөлшектерінен пайда болған жарылыстарда қала орталығында банк алдында кезекте тұрған 20 адам қаза тапты. Араларында балалар да бар. 9 адам жараланды» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар