Ресей химиялық қару қолдануы мүмкін

АҚШ Орталық барлау ұйымы (CIA) басшысы Уильям Бернс Ресейдің Украинада химиялық қару қолдануы мүмкіндігін алға тартты.

1793782
Ресей химиялық қару қолдануы мүмкін

АҚШ Орталық барлау ұйымы (CIA) басшысы Уильям Бернс Ресейдің бұдан бұрын басқа жерлерде химиялық қару қолданғанын, Украинада да қолдануы мүмкіндігін білдірді. 

Уильям  Бернс АҚШ Сенатында ұйымдастырылған "Әлем көлеміндегі алдын алу шаралар" атты сессияға қатысты. 

Негізінен Ресей-Украина соғысы қолға алынған сессияда Бернс Ресей президенті Владимир Путиннің Украина тақырыбында қиын жағдайға душар болғанын алға тартты. 

Бернс соғыстың бір жағынан да ақпарат соғысы екенін баяндап, "Бұл Путин жеңіліске ұшыраған бір ақпарат соғысы" деп көрсетті. 

Реесйдің "Украинада химиялық қару қолданып қолданбайтынына" байланысты бір сұраққа жауап берген Уильям  Бернс "(Химиялық қару қолдануы) Ресейдің соғыс тактикасы арасында. Бұл қаруларды өз азаматтарына қарсы қолданған. Сондықтан бұл жағдайға көңіл бөлудеміз" деген сөздер қолданды. 

Уильям  Бернс сонымен қатар "Украианың емес, Ресейдің қолында химиялық қарулар бар" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар