Ресей армиясы Оскилска ауданында мектеп-интернатты бомбалады

Психоневрологиялық интернатта шабуыл кезінде 330 оқушы бар екені атап көрсетілді.

1794059
Ресей армиясы Оскилска ауданында мектеп-интернатты бомбалады

Ресей армиясы Харьковтің Оскилска ауданында психоневрологиялық интернатты бомбалады.

Харьков губернаторы Олех Сыньехубов Телеграмм аккаунтындағы мәлімдемесінде шабуыл кезінде мектеп-интернатта 330 адам болғанын білдірді.

Сыньехубов мектеп-интернаттағылар 50-інің жүргенде қиналған, ал 10-ының болса мүгедектер арбасындағы оқушылар екені атап көрсетілді.

73 адамды көрші интернатқа эвакуациялаудың сәті түскенін айтқан Сынехубов қаза тапқандар мен жаралы санын анықтауға тырысып жатқандарын мәлімдеді.

Ресей армиясы сондай-ақ Днепр, Баришивка және Чернигов сияқты елді мекендердегі азаматтық құрылымдарға түнімен әуе шабуылы жасап, 2 адам қаза тапты.

Днепр қаласы мен төңірегіне жасалған әуе шабуылының артынан кейбір ғимараттар қирап, өрт шықты.

Киевке қарасты Баришивка аймағына Ресей армиясы «Искандер» зымыранымен шабуылдады. Шабуыл кезінде 60 пәтерлі көпқабатты ғимарат толығымен қирап, 4 пәтер мен 10 жер үйге зиян келді.

Орыс әскері Чернигов қаласында болса стадион мен кітапхананы нысанаға алды. Шабуыл кезінде Черниговтің су желісіне үлкен зақым келді.

Луганскқа қарасты Рубижне, Северодонецк және Креминна қалаларында Ресей армиясының шабуылдары салдарынан азаматтық құрылымдар зардап шегіп, өрт шықты.

Орыстардың Луцк қаласына жасаған әуе шабуылында 2 адам қаза тауып, азаматтық құрылымдар зардап шекті.

Ресей Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинаның Луцк және Ивано-Франковск қалаларындағы әскери әуежайларды жоғары дәлдік қабілетіне ие қарулармен атқылағанын хабарлады.

Конашенков Украинаның Вольноваха қаласының «Донецк халық республикасы» деп аталатын елдің бақылауына өткенін хабарлады.

Азанғы уақытта жоғары дәлдіктегі ұзақ атымды қарулармен Луцк және Ивано-Франковск қалаларындағы әскери әуежайларды атқанын білдірген Конашенков Ресей әуе қорғаныс зымыран жүйелері мен ұшақтарының бір күнде Украина армиясына тиесілі операциялық басқару орталығы, оқ-дәрі қоймалары мен оқ-дәрілерден тұратын 107 орынды бомбалап, 3 Ми-24 тікұшағы мен 8 дана пилотсыз әуе көлігін атып түсіргенін білдірді.

Украинада 3 мың 213 әскери инфрақұрылымдық нысананың жойылғанын атап көрсеткен Конашенков «Олардың ішінде Украина армиясының 98 ұшағы, 118 пилотсыз әуе көлігі, 1 мың 041 танк пен броньды көлігі, 113 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 389 гаубица мен артиллерия тасығыш, 843 арнайы әскери техника бар» деді.

Украина Бас штаб басқармасы болса 24 ақпан-11 наурыз күндері аралығындағы деректерге қарағанда Украинаға шабуылдаған Ресей армиясының 12 мыңнан астам әскерінің өлтірілгенін, 57 ұшақ, 83 тікұшақ, 353 танк, 1165 броньды техника, 125 артиллерия, 58 зымыран тасығыш жүйелері мен 31 әуе қорғаныс жүйесінің жойылғанын хабарлады.

Сондай-ақ Ресей күштері Украинада соңғы 16 күнде 558 көлік, 3 жеңіл жүрдек қайық, 60 жанармай көлігі және 7 пилотсыз ұшағынан айырылды.

Басқа жақтан Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігі Пентагонның жоғары лауазымды бір қызметкері Беларусьтен Украина аумағына кірген және Киевтің солтүстігінде әртүрлі себептермен жылдамдығы бәсеңдеген Ресей күштерінің қалаға күндіз 15 шақырым жақындағанын жариялады.

Бір топ журналиске Украина-Ресей соғысы туралы мәлімдеме жасаған Пентагонның жоғары лауазымды бір шенеунігі «Киевтің солтүстік шығысынан жақындап келе жатқан орыс күштерінің алға жылжуға қабілетті екенін бағалаймыз. Әлі Гостомель маңында, бірақ Киевке 5 шақырым жақындады» деді.

Орыс әскерінің шығыстан да Киевке қарай жылжып жатқанын және қаланың 40 шақырым шығысына келгенін түсіндірген шенеунік орыс әскерлерінің Черниговты толығымен қоршап алғанын тілге тиек етті.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинада бейбіт тұрғындарды Ресейге эвакуациялау үшін біржақты күн сайын сағат 10.00-нан бастап (жергілікті уақыт) гуманитарлық көмек дәліздерін ашатындарын жариялады.

Ресей Қорғаныс министрлігі Ұлттық бақылау орталығы төрағасы Михаил Мизинцев бас қала Мәскеуде Украинадағы бейбіт тұрғындарды эвакуациялау процесі туралы мәлімдеме жасады.

Украинадағы «гуманитарлық көмек жағдайының нашарлағанын» білдірген Мизинцев Украинаға 1 мың 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізгендерін атап көрсетті. Мизинцев «Ресейге қарай күн сайын сағат 10.00-нан бастап гуманитарлық көмек дәліздері біржақты ашылады. Басқа бағыттардағы дәліздер болса Украина тарапымен келісілген жағдайда ашылады» деді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар