ЕО министрлері Корчовадағы босқын жиналу орталығына барды

Министрлер Польшаның Украинамен шекарасында құрылған босқын жиналу орталығына барды.

1793731
ЕО министрлері Корчовадағы босқын жиналу орталығына барды

Германия, Франция және Польшаның Ішкі істер министрлері Нэнси Фезер, Жеральд Дарманен және Мариуш Камински Польшаның Украинамен шекарасында құрылған босқын жиналу орталығына барды.

Корчовадағы босқын жиналу орталығына барған министрлерден Фезер Твиттер аккаунтынан жасалған хабарламада украин босқындарға көмектесудің Еуроодақтың міндеті екеніне назар аударып, «Еуропада қаншама азаптан қашып жатқан адамдар алдында бәріміздің бір міндеті бар. Енді көрші елдерге қолдау көрсетуді жедел ұйымдастыру керек. Германия Польшаға практикалық көмек көрсетуді жалғастырады. Мысалы босқындарды қабылдау және логистика тақырыптарда» деді.

Фезер Польша үкіметіне Украинадан барған адамдарға үлгі аларлықтай жақын қарым-қатынас жасағаны үшін өте риза екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар