Израиль президенті Стамбулдан аттанды

Ицхак Герцог Түркияға ресми сапары аясында бүгін Стамбулда Еврей жамағатының мүшелерімен бас қосты.

1793430
Израиль президенті Стамбулдан аттанды

Израиль президенті Ицхак Герцог ресми сапармен келген Түркиядан еліне қайтты.

Ицхак Герцог Түркияға ресми сапары аясында бүгін Стамбулда Еврей жамағатының мүшелерімен бас қосты.

Бейоглудағы Неве Шалом синагогасындағы ғибадат рәсімінен кейін Ицхак Герцог пен қасындағы делегация отырған ұшақ Стамбул Ататүрік әуежайынан Израильге аттанды.

Израиль баспасөзі президент Ицхак Герцогтың кеше астана Анкарада Президент Режеп Тайып Ердоғанмен өткізген кездесуін "бұрылыс кезеңі" және "тарихи" деп бағалады.

Израиль президенті Ицхак Герцогтің сапары Израильден Түркияға 2008 жылдан бері жасалған тұңғыш жоғары дәрежелі сапар ерекшелігінде.



Ұқсас жаңалықтар