БҰҰ: "Украинадан көрші елдерге 2 миллион 316 мың босқын өтті"

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты басқармасы мәлімдеме жасады.

1793247
БҰҰ: "Украинадан көрші елдерге 2 миллион 316 мың босқын өтті"

Ресей-Украина соғысы салдарынан 2 миллион 316 мың босқын Украинадан көрші елдерге өтті.

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты басқармасы (БҰҰ БЖКБ) жасаған мәлімдемеде Украинадағы босқын дағдарысына байланысты әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтер жарияланды.

Мәлімдемеде 24 ақпан - 8 наурыз күндері арасында жартысынан астамы Польшаға барған 2 миллион 316 мың босқынның Украинадан көрші елдерге өткені атап көрсетілді.

Мәлімдемеге қарағанда Польшаға 1 миллион 412 мың 503, Венгрияға 214 мың 160, Словакияға 165 мың 199, Ресейге 97 мың 98, Румынияға 84 мың 671, Молдоваға 82 мың 762, Беларуське 765 және т.б. Еуроодақ елдеріне болса 258 мың 844 босқынның өтті.

Сондай-ақ бұл көрсеткіштерге қосымша 18-23 ақпан күндерінде Донецк және Луганск аймақтарынан 96 мың адамның да Ресейге барғаны мәлімденді.

БҰҰ БЖКБ Украинадағы жағдай одан әрі шиеленісе, 4 миллионға жуық бейбіт тұрғынның елден қашып кетуі мүмкін екенін ескертті. 



Ұқсас жаңалықтар